Ұлы ақын Абайдың ұлағатқа толы мол мұрасы ұрпақтан ұрпаққа сабақтасып, әдебиет әлемінде шоқтығы биік шығарма ретінде қалыптасып келе жатқаны анық. Бұл үрдістің жандана жалғасуы қазақтың құндылығын одан әрі арттыра түсетініне сенімім мол. Ақылшы Абай атамыздың айтқанына зер салсақ, оның еліміздің даму жолына нұсқайтын тұстары аз емес.
Ия, өсиет-өнегесі тағылымды тәрбиеге жол бастайтын Абай Құнанбайұлының биыл 175 жылдығы лайықты түрде тойлануы жақсы жаңалық. Бұл ретте, әрине, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай игі шараға бастамашы болғаны өте қуантарлық жағдай деп білемін.
Ал, Мемлекет басшысының жақында ғана жарық көрген «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан Абай әлемін рухани түрғыда тағы кеңінен түсіндім. Ондағы ұлттық мүдде, қоғамның жаңашылдығы, мерейтойдың маңыздылығы мол екенін ой елегінен өткізіп, ұлт руханиятына, қоғамға қажеті көп екеніне көз жеткіздім.
Айжан БАЛАЖАНОВА,
Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі.