Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғаннан бері ауданымыз бойынша көптеген талқылау отырыстары ұйымдастырылып келеді. Жақында осындай жиындардың бірі Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінде, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, өткізілген еді. Ал, жиынға ел Президентінің алғашқы Жолдауындағы бағыты айқын бастамаларды тілге тиек етіп, ой бөлісу үшін «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов, Қаскелең қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбділдаева мен аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова арнайы қатысты. Олардың әрбірі Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандарды қолдайтындарын айтып, ондағы жүзеге асатын тапсырмалар тұрғындар үшін маңызы жоғары екенін түсіндірді. Басқосу барысында сөйлеуші ретінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті Ұлмекен Бисенованың ой-пікірі тыңдалды.
Жиын соңында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Құлжабайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы бастамаларға тоқталып, оған барынша қолдау білдіруге шақырды.
Өз тілшіміз.