Мемлекет басшысының үстіміздегі жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауы бүкіл қазақстандықтар мен қарасайлық ардагерлердің де шабытына шабыт қосып, өмірлеріне тың серпін берді. Президентіміз халқына деген сөзін бүкпесіз ашық айтып, елімізде кездесіп отырған олқылықтарды жою жолдарын көрсетіп берді. «Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерің еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Әділетті, шың сөз. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, өз реформаларының «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып, жүзеге асыратылатынын айтты. Иә, еліміздің қоғамдақ-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл біздің басты ұстаным, қағидамыз. Мен ардагер азамат ретінде бұл тұжырымды толық қолдаймын.
«Күшті Президент – ықпалды Парламент, Есеп беретін – Үкімет».
Біз бұл мақсатқа әлі де жете қойған жоқпыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салуымыз қажет, – деді Президентіміз тағы да. Бұл да бүкпесіз шындық.
Жолдауда «Заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы қарым-қатынас жасанды отырысқа емес, іскерлік сипатқа, өзара құрметке негізделуі тиіс. «Мемлекет басшысы ретінде елімізде көппартиялықты, саяси бәсекелестікті және ой-пікірдін сан алуандығын дамытуға ықпал етуді өз міндетім деп, санаймын» – деген жолдар да жүрекке жылу ұялатады.
Қорыта айтқанда, халықтар бірлігі мен еліміздің тұрақтылығына негізделген бұл Жолдау бәріміздің көңілімізден шықты. Жаңа Президентіміздің халыққа арнаған Жолдауындағы жаңа идеяларың іс жүзіне асыруна өз үлесін қосу – бәріміздің міндетіміз.
Едіге ЖҮНІСБЕКОВ,
Қарасай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы.