Өткен аптаның сенбі күні Қаскелеңдегі орталық «Жер-Ана» базарының аумағында балалардың церебралды салдануы диагнозымен (ДЦП) сырқаттанған Алишер Абдрахмановтың еміне көмек көрсету арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. 2010 жылы мамыр айында өмірге келген Алишердің денсаулығынан 40 күнге дейін де, құрсақта жатқанында да ешқандай кінарат байқалмаған. Бірақ, анасы Тудангүлдің айтуынша, уақыт өте келе жылауы жиілеген соң медицина қызметкерлердің көмегіне жүгінгенде, баласының миында киста бар екенін айтады. Сол уақыттан бері баласының сырқатымен тынымсыз күресіп келе жатқан Тудангүл Максимова бірқатар медициналық орталықта ем қабылдауының арқасында Алишердің денсаулығы жақсарған. Дегенмен, тік аяқтан жүруіне осы алдағы шілде-тамыз айларында Ресей мемлекетіндегі «Сакура» медициналық орталығындағы реабилитациялық емді қабылдаудың маңызы зор. Бір ем қабылдау – 3 800 000 теңгені құрайды екен. Әрине, әкесіз өсіп келе жатқан Алишердің отбасына бұл соманы жинау мүмкін емес. Қамыққан анасы жақын күндердің бірінде «Жер-Ана» базарының әкімшілігіне көмек сұрай барған. Мән-жайға қаныққан аталмыш мекеменің басшылығы – Эльмира Мурсалимова мен Әлия Мендыбаева жергілікті басқару органдарымен байланысып, олармен ақылдаса келе, қайырымдылық жәрмекесін өткізу жөнінде шешімге келді. Осылайша, аудандық және қалалық әкімдіктердің қолдауымен, «Жас Отан» мамандары мен еріктілердің атсалысуының арқасында, жан-жақты жарнамаланып, кәсіпкерлерді шараға жұмылдыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бұл шара жайлы естіп, көмек көрсетеміз деп Алматы қаласынан келген қолөнер шеберлері, аспаздар өз өнімдерін сатылымға қояды. Қайырымдылық істен біздің ауданның халқы да қалыс қалмай, сатып алып та, немесе жай ақшалай қорапқа салып та өз белсенділіктерін көрсетті. Ал, базар аумағында орналасқан «Зәмзә» сауда үйінің саудагерлері тауарларының ішіндегі бірқатар көйлектерді жәрмеңкеге қойып, одан түскен қаражатты Алишердің еміне деген есепшотқа аударды. Қайырымды жандардың арқасында 200 000 теңге ақша жиналды. Әрине, бұл сома жеткіліксіз, сондықтан балалардың церебралды салдануы дертіне (ДЦП) шалдыққан Алишер Абдрахмановтың еміне қажетті қаражат әлі де жиналып жатыр. Кішкентай бүлдіршіннің сауығуына қол ұшын созып, көмек көрсетемін деушілерге төмендегі реквизиттерді ұсынамыз. Банк карталарының нөмірлері:
КАСПИЙ ГОЛД:
5169 4931 4298 6754
ХАЛЫҚ БАНК:
4405 6398 1229 6489
СБЕРБАНК (тенге):
4578 3200 0263 1683
СБЕРБАНК (rub):
4578 3200 0303 5124
КИВИ КОШЕЛЕК:
+7 747 470 02 92
ТЕЛЕ2: +7 747 470 02 92
ИИН: 750829401959
Бұрым ОРЫНБАСАР.