Ауданның жастар ресурстық орталығы қашанда түрлі шараларға белсенді қатысып, барынша жақсы істерге бастамашылардың қатарында жүреді. Осы жолы да өздерінің жетекшілік қабілеттерін танытып, патриоттық тәрбие беру арқылы өскелең ұрпақтың мәдениетін қалыптастыру мақсатында, жастар флэшмобын өткізді. Айтулы шара ауданымыздағы Қаскелең қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылып, жиылған жастар легі әдемі әуен арқылы ырғақты қозғалысымен көпті таңқалдырды.
Жиында құрметті қонақтар ретінде аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов пен аудандық мәслихат депутаты, «Заман жаршысы» газетінің бас редакторы Атлана Исаева сөз сөйледі. Өз сөзінде Сағат Ұлтарақұлы жастар елдің болашағы екенін айтып, мемлекетімізде орын алып жатқан мәдени, саяси жағдайға әрқашан бір кісідей қолдау көрсету керектігін жеткізді. Сондай-ақ, халық қалаулысы Атлана Жанатқызы да өскелең ұрпақтың қоғамда орны ерекше екені жайлы ой қозғап, жастар жағы қашанда елімізде орын алатын жауапты сәттерде белсенділік таныту қажеттігін айтты. Ал, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аида Ақшалова өңірде атқарылып жатқан түрлі іс-шараларға әрдайым бірлікпен атсалысатынын айтып, оған аудан жастары болып қолдау білдіретінін түсіндірді.Шара барысында әуелеген ән айтылып, белсенді өскелең ұл-қыздардың ырғақты флешмобы жиынның сәнін келтірді.
Дидар МУХАМАДИЕВ.