Осымен екінші рет ұйымдастырылып жатқан бұл шара нәтижесіз емес. Қарасай ауданы пробация бөлімінің бастығы, әділет капитаны Нұрбол Мұхаммедиевтің сөзіне сүйенсек, осы жоба аясында бір адам оқуға, төрт адам қоғамдық жұмысқа тұрған. Жоғарғы білімі жоқ болған соң жақсы қызметке орналастыру қиын көрінеді.
Қоғамымыздың әлеуметтік тұрғыдағы «әлсіз» тобына да назар аударып, олардың мұң-мұқтажына құлақ түруді мақсат еткен шараның соңында Қарасай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Дастан Мырзағали барша атсалысқандарға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бұл ізгі іс жалғасатынын айтты.
Алмас АЛДАБЕРГЕН.[:]