Қазір әлемде Қазақстан-ның беделі күн санап артып келеді. Соның ішінде Сарыарқа төріндегі елордамыз заманауи мегаполис ретінде дамып, шын мәнінде күллі Алаштың орталығына айналды. Ал бұл шаһарды салуда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Сондықтан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорданың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы бастамасын қолдаймыз. Әрі қарай да біз Елбасының қалыптастырған, салып берген осы дара жолын жалғастырып, аянбай еңбек ете берсек, бәріміз үшін өте маңызды болмақ. Еліміздің абыройын асқақтатқан Көшбасшымыз бүгінде барлық құрметке лайық.
Отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақ елі экономикалық және әлеуметтік үдерістерді бастан кешірді. Ел тарихында экономикамыз бен әлеуметтік саламыз орасан зор биікке көтерілді. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама арқылы қаншама өндіріс ошақтары ашылып, қаншама жаңа жұмыс орындары пайда болды! Осының барлығында еліміздің кең тынысты қайраткер тұлғасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қосқан үлесі орасан.
Бүгінде біздің ұжымда 118 адам жұмыс істейді. Олар еліміздің астанасының «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін толық қолдап отыр. Бұл ретте Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Сондықтан отандық кәсіпкерлерге де қолдауын аямаған қайраткердің аты ұлықталуы тиіс деп есептейміз және елорданың атын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту туралы бастаманы қолдаймыз. Біздің еңбекқор ұжым елді дамыту жолында еңбек ете береді және болашаққа сеніммен қарайды.
Әділ ӘДІЛХАНОВ,
«Айкул» ЖШС-ның басшысы.