Төрткүл дүниеге елін, жерін танытып, қазақ халқы үшін бейбіт күнді сыйлап, басшылық қызметі жолында қажырлы қайратын арнаған қандай да бір басшының іскерлігі еленуі керек. Бұл ретте, әрине, Қазақстан Республикасын ширек ғасырдан астам басқарған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасаған жақсылығын айтпауға болмайды!
Біздің мемлекетіміздің талай табыстары, барлық сала бойынша жеткен жетістік пен жеңістеріміз, әр аймақтардың гүлденіп дамуы, оның бәрі тікелей басшының арқасы екені айдан анық. Сондықтан мұндай кемеңгер тұлғаның есімі ұлықталып, мемлекеттің орталық қаласына «Нұр-Сұлтан» атауын беру өте орынды. Жақында ғана Мемлекет басшысы атанған Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы құптарлық бастамасы қолдау тауып, оның жүзеге асқанына мен және ұжым, яғни, 172 адам аса қуанышты екенін жеткізгім келеді. Шынымен де, бұрынғы Астана қаласы сәулетімен жарасымды боп, дүнижүзінің әсем қалаларымен бірдей бой түзеуі – Нұрағамыздың жасаған жемісті еңбектерінің бірі.
Келешекте Елордамыз ҚР Тұңғыш-Президентінің есімімен жаңғырып, дүниежүзінің көрікті де дамыған бас қалаларымен қатар тұратынына сеніміміз мол.
Ерлан МОМБАЕВ,
аудандық электр жүйесінің басшысы.