Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен 2019 жылдың жастар жылы деп жарияланғаны мәлім.
Жастар – қоғамның ең белсенді, қозғаушы күші. Бүгінгі жастар ойын ашық жеткізе алатын, білімді, әрі креативті пікірге ие. Қазіргі қоғамдағы инновациялық технологиялардың тетігін басқаруда да, оларға тән тиімді түрлі жобаларды жасап, қолдануға да икемді осы жастар. Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас өмірде өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі, патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды.
Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы Жолдауын да еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды деп санаймыз. Осыған орай Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебінің директоры Анар Болымбекованың қолдауымен мектебімізде «Самұрық» жастар ұйымы құрылып,өз жұмысын жоспарлы түрде бастап та кетті.
«Самұрық» жастар ұйымының жұмыс жоспарында олардың білім саласында ғана емес, саламатты өмір салтын сақтау саласына да көңіл бөлінді.Түрлі іс — шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Соның бастамасы ретінде Шамалған ауылдық окургінің жастар жылы эстафеталық марафонын мектебіміздің «Самұрық» жастар ұйымы ұйымдастырып, алауын жағып, оны салтанатты түрде көршілес Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің жастарына табыстады. Бұл өз кезегінде бүкіл округ жастарының бірігу жолындағы игі бастама. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп халқымыз бірліктің ең мықты күш екенін бағзы заманнан-ақ дәлелдеген. Сондықтан осындай бастамалармен бүкіл Қазақ елі жастары бірігіп, елдің қамын ойласа, жасаса, нұр үстіне нұр боларына сенеміз.
Елбасымыздың ұсынысымен жарияланған жастар жылы алдында асар биік белестер тұр. Сол биікке бірлігімізді, елдігімізді, рухани санамызды сақтап қана жете аларымыз сөзсіз. Ендеше, жастар ұйымының жұмыстарына табыс тілейміз!
Б. ЭМИРХАНОВА,
Шамалған бекетіндегі қазақ орта
мектебі «Самұрық» жастар ұйымының жетекшісі.