Қазақстанның Тәуелсіз, егемен ел ретінде танылғанына, міне, 27 жыл толып отыр.Осындай үлкен мерекені біздің мектеп ұжымы да кеңінен атап өтті. Яғни, «Тәуелсіздік – таң нұры!» тақырыбында салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды.Кешті мектебіміздің директоры Г.Абылғазиева ашып беріп, мұғалімдер мен оқушыларды атаулы мерекемен құттықтады. Ал, жалпы, іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майра Серикова, 9 сынып жетекшілері З.Божимова, Г.Абилова белсене атсалысты. Отан туралы әндер шырқалып, ақындардың тәуелсіздік туралы өлеңдері мәнерлеп оқылды. 1-10 сыныптар арасында «Тәуелсіз елдің жалынды жастары» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Қабырға газеті шығарылып, Желтоқсан көтерілісінде Алаңға шыққан Рысқұлбеков Қайрат, Сыпатаев Ербол, Асанова Ләззат, Мұхамеджанова Сәбиралардың суреттері ілініп, олар туралы ақпараттар берілді.
3-4 сынып жетекшілері «Біз – Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты отбасылық сайыс ұйымдастырды. Оған әрбір сыныптан 6 отбасыдан қатысып, сайыс қызықты болды. Сайыста Тәуелсіздігіміз және еліміздің дамуына байланысты сұрақтар қойылды, сахналық қойылымдар көрсетілді. Ал, рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту мақсатында мектеп кітапханашысы Э. Оразова кітап көрмесін ұйымдастырды. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін көрсету үшін А.Мұстафина оқушыларға «Менің елім – Қазақстан» деректі кинофильмін көрсетті.
Сол сияқты «Болашақ жас ұрпақтың қолында» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізіліп, балалар өз ойларын ортаға салды. 1-4 сыныптар арасында «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында суреттер байқауы ұйымдастырылды.
АйсұлуИЙСАНОВА,
Көлащы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.