Аптаның бірінші күні аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған төрағалық еткен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаев және комиссия мүшелері ретінде, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қаныбек Айтжанов, аудандық мәслихаттың депутаттары Дамиля Қлышбаева мен Атлана Исаева қатысып отырды.
Күн тәртібі бойынша екі мәселе қарастырылды. Алғашқысы «Нұр Отау» қарттар пансионатына қатысты келіп түскен шағым еді. Бұл ретте пансионат басшысы Галина Бурматова арнайы шақыртылып, ол орын алған келеңсіздіктер жөнінде өз жауабын берді. Арызданушының сырқаттанып қалуына байланысты бұл істің анық-қанығына жету үшін, жақында комиссия мүшелері сол жерде тексеріс жүргізіп, нақты шешімдерін шығаратын болады.
Ал, екіншісі «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінің жағдайы жөніндегі шағым еді. Онда кешен аумағында орын алған кейбір келенсіздіктер жайлы сөз етілген. Бұған қатысты тұрғын үй кешенін салған «Фирма Еламан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Р.Төре бірден жазбаша жауабын беріп, ол осы жиын барысында оқылды. Сондай-ақ, пәтер иелері кооперативінің маманы осы қолайсыздықтардың барлығы жыл соңына дейін толықтай шешілетінін айтып, тұрғындар алдында уәдесін берді.
Мұнан кейін комиссия төрағасы Сағындық Жұмабайұлы кезекті күн тәртібіндегі бекітілген екінші мәселеге берді. Онда көпшілікке таныс «7-20-25» бағдарламасы талқыға түсті. Ол жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ербол Нағашыбаев пен құрылыс бөлімінің басшысы Жарас Катубаев аудандағы 2018 жылы атқарылған жұмыстары жайлы есеп берді. Комиссия мүшелері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ол кезегінде тиісті жауаптар қайтарылды.
Бұрым ОРЫНБАСАР.