Ауылдың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігін жақсартуға ауыл әкімінің тигізер септігі мол. Халық қалаулыларының таңдауымен сайланған ауыл басшысына жүктелер міндеттер де аз болмас, әрі олардың мақсаты айқын болуы керек. Осы орайда, кеше аудан әкімі Жандарбек Далабаев 1 Май орта мектебінде жиын өткізіп, онда осы аумақтың округ әкіміне лайықты деген үміткерлерді таныстырды.
Олар Жеңіс Ноғайбаев, Елдос Мұқатаев және Ахмет Кумеков болды. Аталған азаматтарды аудан басшысы осы уақытқа дейін мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар болғандықтан, әрі ауыл абыройын арттырады деген сеніммен ұсынды.
Ауыл ақсақалдары да үміткерлерді жылы қабылдап, болашақ округ басшыларына ауылға қатысты бірқатар мәселелерді айтып, сәттілік тіледі.
Бақдәулет ТАЛИПОВ.