Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін қосымша құн салығының өсуіне қатысты кәсіпкерлер арасында түрлі пікірлер қалыптасқаны белгілі. Тіпті, қызу талқыға салынып, қолдаудан гөрі қарсылық білдіргенден өте көп болды. Дәл осы мәселені ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев назарға алып, бүгін бизнес өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысы жиын барысында қосымша құн салығының өзгерісін тағы да пысықтауды тапсырды.
– Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек, – деп айтқан Президент қосымша құн салығының мөлшерлемесі қайта қарауды алға тартты. Соған сәйкес, құны белгіленуін де ескертті.
Кәсіпкерлердің бәрі көп табыс таба бермейтіні анық. Сондықтан Мемлекет басшысының қолдауы өте құптарлық деп ойлаймын.
Ең бастысы ел қазынасын толтырып отырған бизнес өкілдері зардап шекпеуі тиіс. Үкімет қоғам талқысындағы пікірлерді ескеріп, оңтайлы шешім шығарады деген сенімдеміз. Бір жағынан бюджет кірісін көбейту амалын да ұмытпаған жөн.
Ералы РАХМЕТҚОЖАЕВ,
«QBIS» жекеменшік мектебі директорының орынбасары.