Астана болғанымен жас қала,
Қазаққа пана болған бас қала.
Күннен-күнге көркейген шын,
Ажарыңа қараймын мен тамсана.
Астана – сен елімнің жүрегісің,
Халықтың айтар әні, тілегісің.
Астана – сен қазақтың маңдайына
Алла берген сыйысың, тірегісің!
Нұр атам бастап берген дала көшін,
Ұрпағың жалғастырар дара ісін.
Бүкіл әлем көз тіккен Астанама,
Шашу шашып, жыр арнайд қызың бүгін!
Әсем ЕСЕНГЕЛДІ,
Шамалған бекетіндегі
қазақ орта мектебінің оқушысы.