Биыл елімізде Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысқан оқушылардың саны 181 мыңға жеткен. Ал екінші рет бағын сынаған абитуриенттерді қосқан кезде жалпы саны 326 мыңды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық.
Қарасай ауданын 2023-2024 оқу жылын 2724 оқушы тәмамдады. Соның ішінде 2409-ы ҰБТ-ға тіркелсе, екінші реттік тесттілеуге 2402 оқушы қатысқан. Жалпы қорытынды нәтиже бойынша 130 баллдан жоғары көрсеткішке 12 оқушы ие болған. Олар биылғы тестілеудің үздіктері атанып, есімдері мектеп қабырғасының тарихында қалды.
Атап айтсақ, Белинский атындағы мектептің түлегі Мария Михайлова ҰБТ-дан 130 балл жинаған. Дәл осындай көрсеткішті Береке орта мектебінің оқушысы Әсем Болатқызы, Абай ауылындағы орта мектептің түлегі Әлихан Айдарұлы және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Әсемай Үсенбаева көрсетті.
Сонымен қатар, Ұлан орта мектебінің оқушысы Айнұр Серікқызы 131 балл жинаған болса, Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясының түлегі Зарина Сахан ҰБТ-дан 132 баллды еңсерді. Ал 133 баллды Елдана Асқаткызы, Жібек Нәби және Алпамыс Науқан есімді үздік оқушылар алған.
Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің түлегі Дархан Атаниязов 134 балл жинаса, Үштерек орта мектебінің оқушысы Акмарал Дарменқызы ҰБТ-дан 135 баллдық көрсеткішке ие болды.
Ал аудан бойынша ең жоғарғы нәтиже көрсеткен, яғни 136 баллды Жамбыл ауылындағы орта мектептің үздік аттестат иегері Умида Якуббаева жинады. Оның ҰБТ-дағы таңдау пәндері ағылшын мен дүниежүзі тарихы болған.
Осындай үздік нәтиже көрсеткен барлық қарасайлық абитуриенттерді құттықтаймыз. Бала күнінен армандаған маман иелері болуға жасаған үлкен қадамдары елеусіз қалмады.
Шұғыла ТЫНЫС.