«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы санитарлық тазарту, көркейту және күл-қоқыстарды жинау мақсатында сенбілік шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – тазалықты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Қызу жүргізілген сенбілік шарасына сот қызметкерлері біркісідей атсалысып, бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сенбілікте сот ғимаратының маңайын тазалау, ағаш көшеттері мен гүлдер отырғызу секілді бірқатар жұмыстар атқарылып, көшелер бойындағы ретсіз тасталған қоқыстар тазаланды.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы ретте барша аудан тұрғындарын ортақ мекенімізді таза ұстауға, жанашырлық танытуға, осындай сенбілік жұмыстарында белсенді болуға шақырамыз.
Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.