Жаздың бірінші күніне дәл келетін Балаларды қорғау күні–халықаралық мерекелердің бірі. Балаларымыздың, тәрбиесі бесіктен басталатыны баршамызға аян. Мемлекетіміздің саясатымен алдымен олардың дұрыс өсіп жетілуіне, тәрбиеленуіне үлкен көңіл бөлінуде. Ол жұмыстардың барлығы бүлдіршіндеріміздің болашағы үшін. Осы мерекеге орай Қаскелең қалалық әкімдігі балаларды құттықтау мақсатында мерекелік шара ұйымдастырды. Аудандық мәдениет үйіндегі салтанатты құттықтау сөзімен қала әкімінің міндетін атқарушы Р.Мұқанов ашып, ізгі тілегін білдірді. Аталмыш мерекеге орай, қаладағы сегіз мектептен 50 жуық оқушы жиналған. Оларға «Юный домостроитель» балалар сауықтыру орталығында демалуға, аудандық мәслихаттың депутаттары А. Богомолов, А. Сексенбаева, А. Исаева және «Isker», «Роза-Фарм» ЖШС-лері мен «Гулбану» сауда үйі, «Сұлтан» мейрамханасы басшылары демеушілік көрсетіп, алынған жолдамалар табысталды. Қалаға қарасты мектептерде оқитын облыстық, аудандық байқауларда өнер көрсетіп, жүлделі орындармен келіп жүрген жасөспірім жеңімпаздар өз өнерлерін көрсетті. Әсем әндері мен мың бұралған билерімен көрермендердің ықыласына бөленген балаларға ЖК «Довганюк», «Зәуре» кеңсе-тауарлар дүкендері және «Ақмешіт» діни бірлестігі басшылары дайындаған сыйлықтар үлестірілді. Сонымен қатар, мәдениет үйінің алаңында, спорттың жеті түрінен эстафетаға қатысқан 50 балаға, Тұңғыш Президент қоры дайындаған сыйлықтар берілді. Мереке соңында балаларға арнайы «Жер Ана» базары, «LION», «Хамле», «COPPA ITALIA», «Браво» ЖШС-лерінің демеушілігімен дайындалған тәттілер, балмұздақ, кондитерлік өнімдер мен сусындар тегін таратылды.
Білім мекемелерінде Балаларды қорғау күніне орай мектеп алаңдары безендіріліп, оқушыларға «Бақытты балалалық шақ» атты мерекелік концерт қойылып, «Мен әлемді сүйемін», «Біз бақытты отбасымыз» атты сурет байқауы және спорттық ойындар өткізілді.
Бұрым ОРЫНБАСАР.