2023 жылдың 1 қарашасынан бастап Кеген ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып Әбділда Жасұлан Ерланұлы тағайындалды.
Әбділда Жасұлан Ерланұлы 1993 жылы 8 қарашада Алматы облысы Бөлексаз ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Жерді баптау және қорғау» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2016 жы Райымбек ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бас маманы болып бастаған. 2018-2021 жж. Кеген ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бас маманы.
2021-2022 жылдары Кеген ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы. 2022 жылдан осы уақытқа дейін «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау бөлімінің бас маманы.
2023 жылдың 2 қарашасынан бастап Кеген аудандық «Кеген су құбыры» ШЖҚ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы болып Сейтқожа Алмас Жомартұлы тағайындалды.
Сейтқожа Алмас Жомартұлы 1994 жылы 28 сәуір Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2022 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Менеджмент и управление» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2019 жылы Кеген ауданы әкімінің баспасөз хатшысы. 2022-2023 жылдары «Кеген ауданы тарихи-өлкетану музейінің» басшысы.
2023 жылдың 1 қарашасынан бастап «Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің» директоры болып Чукенов Әділет Жаңғабылұлы тағайындалды.
Чукенов Әділет Жаңғабылұлы 1999 жылы 27 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2020 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетін «журналистика» мамандығы бойынша аяқтады
Еңбек жолын 2020 жылы Кеген аудандық «Қарқара» газетінде тілші, жауапты хатшы болып бастаған. 2021-2022 жылдары Кеген аудандық Мәдениет үйінде жүргізуші, Кеген аудандық жастар ресурстық орталығында маман болды.