Республика күнінің қарсаңында Кеген ауданының бір топ тұрғындары қоныс той қуанышын тойлады. Салтанатты сәт Республика күні мерекесімен тұспа-тұс келіп, жерлестерімізді шаттыққа кенелтіп, баспаналы болуға негіз қалады. Атап айтқанда, Кеген ауылының шығыс жағынан салынған 20 тұрғын үйдің кілті салтанатты түрде берілді. Мемлекетіміздің «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған заманауи, жылы да жайлы, бар жағдай жасалған 3 бөлмелі үйлердің құрылысын «Құрылысшы-ТБС» ЖШС-нің «Алем Құрылыс» ЖШС-нің құрыш қолды құрылысшылары мен мамандарына аудан тұрғындары жүрекжарды алғыстарын айтты. Аталған салтанатты сәттің кілт тапсыру рәсімін аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев өткізіп, аудан тұрғындарын баспана- тіршіліктің шаттығын, еңбектің қуанышын, өмірдің бақытын сыйлайтынын айтып, қуаныштарының ұзағынан болуын тіледі. Тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациялық желілерін, абаттандыру жұмыстарын «Каз Lux Строй» ЖШС-нің мамандары жүзеге асырды.Тұрғын үйлер өңірдегі көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, баспанаға мұқтаж азаматтарға берілді.
Серік САТЫБАЛДИЕВ.
Кеген ауданы.