«Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек», – деп қазақ халқы ел игілігі жолында табанды еңбек етуге шақырып, тәуелсіздіктің тұтқасын еңбекпен ғана ұстап тұруды ұғындырды. Расында да, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалға ешқандай дәлелдің қажеті жоқ, айқын қағида.
Бүгін – елдің дамуына, өркендеуіне үлес қосып жүрген еңбекқор жандардың айтулы күндері. Әр салада тынбай қызмет етіп жүргендердің арқасында біздің мемлекетіміз тұрақтылықты ұстап тұр. Біз осындай табандылық пен еңбексүйгішті серік еткен азаматтардың арқасында жетістікке жетеміз. Еңбек күні құтты болсын! Ел еңсесі биік, еңбектеріміз жемісті бола берсін!
Несіпбала ӘБДІЛДАЕВА,
Қарасай аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Қарасай ауданының Құрметті азаматы.