Кеген ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі болып Жексембиев Сырым Есенханұлы сайланды.
Сырым Жексембиев 1969 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1993-1999 жылдары Қазақ Ұлттық техникалық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша білім алған.
1986 жылы Алғабас жылқы заводында комсомол-жастар бригадасында жұмыс істеген. 1992-2005жылдары Қазақстан Республикасы Алматы ішкі істер Департаментінде жол қауіпсіздігі басқармасының взвод командирі, кезекшілік бөлімінің бастығы болған. 2006-2015жылдары «Шоқпар» ЖШС төрағасы қызметін атқарған.
Сырым Есенханұлы 2015 жылдың 15 тамызында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Алғабас ауылдық округіне әкім болып сайланды. Райымбек ауданынан Кеген ауданы бөлініп шыққан соң, ол 2019 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Алғабас ауылдық округінің әкімі болды.
2023 жылдың 21 тамызында Алғабас ауылдық округіне әкім болып қайта сайланды.