Бүгінде осы заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі зор болып тұр. Оның ішінде цифрлық технологияның орны өте айрықша.
Қазіргі кездері егемен елімізде озық отыз елдің қатарына ену үшін, цифрлық жүйені дамыту арқылы, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
Осыған орай аудандық ауылшаруашылығы басқармасы бойынша мынадай істер атқарылуда екен.
Мәселен, ауданымызда 2014 жылдан бастап «Алсад Қазақстан» ЖШС-гі жұмыс істейді. Ол Голландия мемлекетінен сатып алынған заманауи автоматтандырылған-цифрландырылған, 15 жұмыс күшіне тең, қуаттылығы сағатына 60 мың жұмыртқаны қораптау және сұрыптау машинасы (конвейр) арқылы жұмыс атқарады.
Сонымен қатар, аудан бойынша орналасқан егістік жерлерін «minagro» сайтына тіркеуде жүргізілуде. Бүгінде Жанашамалған а/округі 1895,03 га-44%, Ұмтыл а/округі 1780,4 га-53%, Әйтей а/округі 1623,7 га-78%, Елтай а/округі 1291,53га-21%, Райымбек а/округі 1060,7 га-34%, Бірінші Май а/округі 804,8 га-91%, Жандосов а/округі 550,48 га-27%, Жамбыл а/округі 520,3 га-41%, Қаскелең қаласы 330,75 га-26%, Іргелі а/округі 195,83 га-7%және Шамалған а/округінен 3522,00 га-68% тіркеліп отыр.
Ал, аудан бойынша электронды картаға енгізуге жоспарланған егістік жердің көлемі 32201 га болса, қазірге дейін енгізілгені 13 575,52 га, яғни, барлық егістік жердің 42,2 пайызы.
Өз тілшіміз.