Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай елінің өзара визасыз режим енгізуі қазір қоғамда қатты талқыланып жатыр. Тіпті «Қазақстанды енді Қытай басып алады» деген пікірлер де қаулап тұр. Бұған қатысты ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға сарапшысы Бауыржан Әукен пікір білдірді.
— Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің енгізілуі қоғамда қызу талқыға түскен өзекті мәселе екендігі рас. Қазақстанды Қытай өз халқын қоныстандыруы арқылы басып алады деген үрейдің тууы заңды сұрақ деп ойлаймын. Себебі Қазақстанның әлемдегі экономикалық тұрғыдан екінші, халқы саны бойынша бірінші орынды иемденетін Қытаймен көрші болуымыз үрейлердің тууының негізгі себептері деп санаймын, – дейді Бауыржан Әукен.
Сонымен қатар оның айтуынша, Қытай азаматтарының елімізге жаппай қоныс аударады деп уайымдауға еш негіз жоқ. Себебі 2022 жылдың маусымынан бастап осы күнге дейін ҚХР азаматтарының Қазақстанда 14 күн бойы визасыз.