Алматы корей ұлттық орталығының төрағасы, VIII шақырылған Алматы мәслихатының депутаты, «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин 26-27 сәуірде Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының делегаты ретінде қазіргі әлемде тәуекелдер мен қауіп-қатер кезеңінде Қазақстандағы этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қатысты тақырыпты талқылауға белсенді қатысты..
«Біз бәріміз тонның ішкі бауындай бірге өмір сүріп келеміз және біз этникалық тегімізге қарамастан біртұтас халықпыз. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында этникааралық саясатты құрудың оңтайлы формуласы іске асырылды. Бұл — Қазақстан халқы Ассамблеясы шаңырақ астында біріктірген ұлттық мәдени орталықтар болатын. Бұл біздің еліміздің табысты дамуына негізделген «әралуан түрлі бірлік» қағидатының көрінісі болатын», – деп атап өтті Андрей Шин ҚХА-ның XXXII сессиясының күн тәртібіне түсініктеме бере отырып.
Сондай-ақ, ол КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік республикалардың барлығы дерлік этносаралық қатынастардың прогрессивті нысандарын жариялады және этностардың, тілдер мен мәдениеттердің теңдігін өз конституцияларында жариялады.
«Бірақ кейін көргеніміздей, мұндай декларацияларды іске асырудың тиімді тетіктері жасалмады, сондықтан да этносаралық қақтығыстар туындады. Қазақстан бұған жол бермеді, бізде тұрақтылық тетігі Қазақстан халқы Ассамблеясы болды. Осының арқасында біздің еліміздегі этносаралық келісім саясаты шынымен де тиімді болып шықты», — деп атап өтті АКҒО төрағасы.
Қазақстанда сталиндік жылдары депортацияланған қазақстандық корейлердің төртінші буыны өмір сүріп келеді. Біздің ата – бабаларымыз қуғын-сүргін шыңы саналатын сонау1937 жылы Қиыр Шығыстың шекаралық аймақтарынан жер аударылды. Қазақтар өз жерінде корейлерді жанашырлықпен қабылдады. Сол қиын жылдары көмек пен қолдау көрсетті. Ал корейлер қазақ халқының қонақжайлылығын ұмытқан жоқ. Сондықтан Қазақстан корейлері көпэтносты Қазақстанның ажырамас бөлігіне айналды.
Андрей Шин,
Алматы қаласындағы корей орталығының басшысы