Осы аптада Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында және округке қарасты білім мекемелерінің ұжымдарымен «Сыбайлас жемкорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жиынның басты мақсаты – қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, мемлекетке адал қызмет етуге, адамгершілікке үйрету.
Шара барысында Жібек жолы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Д.Деменбаев түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қоғам дертіне айналған жемқорлыққа қатысты ойлар айтылып, онымен күресудің жолдары талқыланды.
Жалпы алғанда қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Оның амалдары да бар. Тек жүзеге асыру ғана міндет болып отыр. Дөңгелек үстелде осындай пікірлер ортаға салынды. Кейбір фактілер мысал ретінде келтірілді.
Жемқорлық – қоғамның дерті. Онымен күресуді еш тоқтатпау керек. Нәтижелі жұмыс тек бірлік бар жерде білінеді. Сондықтан әрбіріміз қоғам болып, індеттін жайылмауына тосқауыл болу қажет.
Айжан БАЛАЖАНОВА,
Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы.