Жақында №17 Жамбыл округінен сайланған аудандық мәслихатының депутаты Ықылас Амалбек аталған округ тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Депутат қабылдауында болған жергілікті тұрғындар өздерін мазалап жүрген сауалдарына жауаптар алды.
Қабылдауда негізінен Қошмамбет ауылының жол мен жарық мәселесі бойынша өтініштер айтылды. Сондай-ақ, халық қалаулысы Қошмамбет ауылы, Панфилов көшесінің тұрғындарымен кездесіп, электр бағаналары мәселесін көріп қайтты.
Мәслихат депутаты азаматтардың өтініштерін тыңдап, сонымен қатар басқа да атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардар етті және кейбір мәселелерді тиісті орындарға жеткізетінін айтты.
Өз тілшіміз.