Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Құрметті жерлестер, бүгін мен өзімнің құқығымды пайдаланып, осы сайлау учаскесінде дауыс бердім. Жалпы бұл сайлау бәріміз үшін ерекше, өйткені аралас жүйемен өтіп жатыр. Бүгінгі сайлауға Алматы облысының халқы белсенді қатысып жатыр. Сайлауда әрбір дауыс маңызды», – деді облыс әкімі тілшілерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол әр тұрғын өзінің азаматтық борышын өтеуі керек екенін айтты.
«Қазақстанның келешегі адамдарға маңызды болса, онда азаматтық позицияны білдіру сайлаудан басталады деп ойлаймын. Сайлаудан кейін саясаткерлердің жаңа буыны қалыптасады. Себебі, үміткерлердің арасында бұрын сайлауға түспегендер және жастар көп. Бұл деректің өзі жаңа буын қалыптасуына әсер етеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.
Өңір басшысы сұхбатының соңында жұртшылықты Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, сайлауға қатысуға шақырды.