Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға Қонаев гарнизоны әскери бөлімдерінің 5 мыңнан астам әскери қызметкері қатысты, деп хабарлайды Қонаев гарнизонының баспасөз қызметі.
Офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беруге қатысты. Бір мезгілде бірнеше әскери бөлімдердің мерзімді әскери қызметшілері үшін десанттық-шабуылдаушы бригаданың аумағында сайлау учаскесі ұйымдастырылады.
Олардың арасында бірінші рет дауыс бергендер де болды. Солардың бірі, қатардағы жауынгер өз әсерімен бөлісті.
«Биыл Парламент сайлауына алғаш рет қатыстым. Мен мақтанышпен дауысымды қуатты, тұрақты, гүлденген ел үшін, болашаққа сенім үшін бердім. Бүгін сайланған депутаттар мемлекетіміздің одан әрі дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосатынына сенімдімін», – деді Данил Иваницкий.