Құлшылықтар рухты қоректіндіредітін рухани азықпен қатар, тәннің материалдық азықтан алған күш-қуатымен орындалады. Адал астан бойға руханият пен фәйз келсе, харам тамақтан керісінше қаттылық, ауыртпашылық және ғапылдық жұғады.
Адал ас пен салих амалдар арасында жақын бір байланыс бар. Дұғаның қабыл болуы үшін де адал тамақтың мәнісі зор. Расулуллаһ (с.а.у.) бұл жәйтті былай баяндайды:
«Ей, адамдар! Шүбәсіз Аллаһ барлық нәрседен пәк. Сол себепті адал және тазадан басқаны қабылдамайды. Аллаһ тағала пайғамбарларға бұйырған нәрселерді мүминдерге де бұйырады. Бұл жайлы мына аятта былай баяндалады:
«Ей, пайғамбарлар! Адал нәрселерден жеңдер. Салих амал істеңдер. Өйткені, мен сендердің істегендеріңді жақсы білемін» (Мүминун сүресі, 51-аят).
«Ей, иман етушілер! Сендерге берген ризықтардың адалдарын жеңдер» (Бақара сүресі, 172-аят).
Осы аяттарды оқығаннан кейін Расулуллаһ (с.а.у.) дін үшін ұзақ сапарға шыққандықтан шашы ұйпа-тұйпа, үсті-басы шаң-тозаң болған біреудің: «Уа, Раббым, Уа, Раббым!» деп дұға еткені жайлы:
«Бұл адамдардың ішкен-жегені харам, кигені харам. Ол өзі хараммен қоректенсе, дұғасы қалай қабыл болады?» дейді (Мүслим, Зекет 65).
Көреген Хақ достары жүрек әлемінің ашылуы үшін мына екі мәселеге көңіл бөліп:
«Жеп-ішкенде аузыңнан кіргенге, сөйлегенде аузыңнан шыққанға абай бол!» — дейді.
Төмендегі хадисте бізге халал мен харам турасында қаншалықты абай болуымыз керектігін тамаша әрі қысқаша баяндалады.
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты:
«Шүбәсіз халал белгілі, харам да белгілі. Бірақ, осы екеуінің арасында (халал-харамы белгісіз) кейбір күмәнді нәрселер бар. Көп адамдар оларды білмейді. Шүбәлі нәрселерден қашқан адам діні мен намысын қорғаған болып саналады. Шүбәлі нәрселерден сақтанбаған адам болса, уақыт өте келе харамға батады. Дәл, бір, қайын біреудің жеріне жақын жайған малшы сияқты. Абай болыңдар! Әрбір патшаның кіруге тыйым салынған жері бар. Аллаһтың тыйым салған жері харам еткен нәрселерді екендігін ұмытпайсыңдар» (Бұхари, Иман 39).
Аллаһтың әміріне мойынсұнатын, ризалық халінде жүректер хикмет пен жақсылық және фәйз арнасына айналады. Керісінше харамдардан, шүбәлі нәрселерден сақтанбаған жүрек пен тән бастан-аяқ жамандық пен әдепсіздіктің ұясына айналады.
Міне осындай сақтық пен абайлықтың мәні турасындағы мына мысалдар қандай ғибратты:
Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а) бір құлы бар еді. Бұл құл табысының бір бөлігін оған беріп, ол содан жейтін. Бір күні құл табысынан бір нәрсе алып келеді. Әбу Бәкір де (р.а) оны жей бастайды.
Сонда құл:
– Не жеп жатқаныңды блемісің? — деп сұрайды.
Әбу Бәкір (р.а):
– Жоқ, білмеймін.Қане айтшы, не? — деп, түсіндіруін сұрайды.
Құл:
– Бақсылықты білмесем де жаһилия кезінде бал ашып, біреуді алдап беріп едім. Бүгін сол адаммен кезіктім. Ол маған істеген ісім үшін осы сізге берген тамақты берді, — дегенде, хазіреті Әбу Бәкір (р.а) саусағын тамағына салып, қиналып жегенінің бәрін құсты (Бұхари, Мәнәқибул-Әнсар 26).
Екінші бір риуаят бойынша:
«Бір жапырақ нан үшін осыншама қиналғаныңыз не?» — деп сұрағанда, хазіреті Сыддық:
«Жаным шықса да, осы нанды шығарар едім», — деп жауап береді (Ахмед бин Абдұллаһ әт-Табери, әр-Риядун-Надра ІІ, 140-141).
Мінеки, жеген тамақтың халал-харам болуын былай қойып, оның арғы жағында оны пісірушінің қандай көңіл-күймен пісіргендігі, ондағы іс-әрекет, қарым-қатынас және ғибадаттарының руханиятына қандай әсер ететіні баяндаған. Бұдан – тамаққа қаншалықты көңіл бөлу керектігін көруге болады.
Салих адамдардың тамақ жайындағы осы көзқарас оларды базардан алған азық-түлігінің үйлеріне бетін жауып апаратын болған. Өйткені, алынған азықта «түскен көз» болмауы керек. Азықтағы күш-қуат та мұқтаж адамдардың тамсанысы, пақыр ғарыптардың аянышты көздерінің жағымсыз әсерлері қалмауы қажет.
Мүмин харам әрі күмәнді нәрселерден өте сақ болумен қатар, халал нығметті қолданғанның өзінде, дұрыс қолданып, ысыраптан қашуы керек.
Құранда:
«Туыстарға, кедейлерге және жолаушыға да хақысын бер! Орынсыз шашпа! Өйткені, осылай шашқандар шайтандардың достары. Шайтан Раббысының нығметтеріне көз жұмушы» делінген (Исра сүресі, 26-27 аяттар).
Абдулкадир Гейлани да (құддисә сирруһ) тамақтың жүректі тазартудағы маңызына былай көңіл аударады:
«Қара, балам! Харам тамақ жүректі өлтіреді. Халал тамақ жүректі нұрландырады. Кейбір тамақ оны қараңғылыққа көмеді. Және кейбір тамақ сені дүниеге тартады, кейбір тамақ ақиретке көңіл бұрдырады. Бір тамақ бар сені тек дүние сопасы етеді. Бір тамақ бар сені дүние мен ақиреттің Жаратушысына бет бұрғызады. Харам тамақ сені дүниеге тартып, күнәларды сүйкімді көрсетеді. Мүбәх тамақ сені ақиретке тартып, құлшылықты сүйкімді көрсетеді. Халал тамақ жүректі Жаратушыға жақындатады. Тамақтың мәні мен әсері тек мағрифатұллаһ кітап пен дәптерде емес жүректе болады. Аллаһты тану жүрекке жаратылыс тарапынан емес, Жаратушы тарапынан беріледі. Бұл иләһи үкімдермен амал еткеннен кейін жүзеге асады.
Адал тамақ туралы Убейдұллаһ Ахрар (құддисә сирруһ) мен Сәйід Қасым арасында болған мына әңгімеге назар аударшы:
Убейдұллаһ Ахрар хазіреті: «Бір күні Сәйід Қасым хазіреті маған:
– Әке, қазір заманда хикмет пен ақиқат неге көп көрінбейді, сырын білесіз бе? Өйткені, бұл дәуірде ішкі тазалығы өте аз адамдар қалған. Кемелдік іштің тазалығында. Іш тазалығы болса адал тамақ өте аз. Іші тазарған адам жоқтың қасы. Мұндайларға иләһи сырлар қалай көрініс тапсын? деді» — деген.
Ондай болса, қанеки, құрметті ағайын!
Әуелі аузымызға кірген мен шыққанға назар салайық!
Жәнәбіл Жұмабеков
«Халал даму» ЖШС
Алматы облысы бойынша өкілі