Райымбек ауданы
Жуырда «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Райымбек аудандық бөлімшесі ашылды. Осы уақытқа дейін аудан тұрғындары электр энергиясына қатысты өз мәселелерін аудан ішінде шеше алмайтын еді. Қазіргі таңда аудан орталығынан жаңа бөлімше құрылып, аудан халқын қуанышқа бөлеп отыр.
Энергия қызметтерін ұсынуда қызмет көрсету сапасын жақсарта отырып, өз қызметтерінде тұтынушылардың мүдделері мен сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында бұл мекемеде 12 қызметкер жұмыс жасайтын болады.
Аудан халқын құттықтау үшін және жұмыс барысымен танысу үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Ольга Антонова, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Алматы облыстық департаментінің бастығы Андрей Мукажанов қонақ болды.
Аудан әкімі Берік Дүйсенбаев және аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бекболат Бірбаев ағамыз құттықтау сөз сөйлей отырып, жаңа бөлімшенің лентасын қиды, күй ойналып, шашу шашылды.
Осыдан төрт жыл бұрын, яғни, 2018 жылдың 31 наурызында Райымбек пен Кеген аудандары құрылып, жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктер құрылған болатын. Сондықтан көптеген Райымбек ауданындағы әлеуметтік нысандарды салу, түйткілді мәселелерді шешу рет-ретімен жүзеге асып келеді. Әрине осы уақытқа дейін Алматы облысы Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылы жаңа әкімшілік орталықтың құрылуына байланысты Нарынқол ауылында тұтынушыларға қызмет көрсетудің қолжетімділігі үшін жаңа аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшесін ашу қажеттілігі туындады. Осыған орай, аудан әкімдігінің Нарынқол ауылында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС филиалын ашу туралы өтінішіне оң жауап беріліп, жүйелі шешім тапқан. Алдағы уақытта «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушылар үшін Райымбек АЭЖБ-нің (Нарынқол) меншікті ғимаратын салуды жоспарлап отыр.
Тұрмыстық және заңды тұтынушылар АЭЖБ-ге электр энергиясы қатысты кез келген мәселелермен жүгіне алады, сондай-ақ шот төлемдерін салыстыру, көрсеткіштерді қабылдау, есеп айырысу және заңды тұлғаларға шоттарды беру бойынша жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар, тұтынушылардың өтініштері мен шағымдары қарастырылып, заңгерден электрмен жабдықтау мәселелері бойынша кеңес алуға болады.
Қазіргі таңда Алматы облысының Райымбек ауданында 7000-ға жуық тұрғын тұрады және 280 заңды тұлға тіркелген.
Бұрым ОРЫНБАСАР.