Бүгін Жібек жолы ауылдық округінің желілік кестесіне сәйкес Жібек жолы ауылында ақпараттық насихаттау тобының мүшелері А. Байтұрсынов атындағы орта мектебінің ұжымымен және ауыл тұрғындарымен кездесті. Оның барысында «Қоғамдық қауіпсіздік — елдің әділ дамуының негізгі факторы»тақырыбы бойынша ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиында ақпараттық насихаттау тобының мүшелері Жолдауға қатысты ақпараттық баяндама жасап, ой бөлісіп, пікір алмасты. Жиналғандар еліміздің түбегейлі жаңғыруына, жаңаша өркендеуіне жол ашатын Жолдауды бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.