Жуырда Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаровтың төрағалығымен Департамент жеке құрамымен кездесу өткізілді.
Кең ауқымды жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Башимов, Amanat партиясы «Бірлік» филиалының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов және «Казахстанская ассоциация Даму» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Анара Битебаева қатысты. Сондай-ақ аталған жиынға Көліктегі полиция Департаментінің барлық желілік бөліністері онлайн режимде қосылды. Олардың қатарындаАлматы-11 станциясындағы Желілік полиция басқармасының жеке және Шамалған ст. ЖПб құрамдары болды.
Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Президент Жолдауындағы басты бағыттар, Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, Заң және тәртіп мәселелері қаралды.
Жиын спикерлері полиция қызметкерлеріне Жолдауда қозғалған құқық қорғау органдарына қатысты реформалау мәселелері әрдайым қоғамның жіті назарында екендігін жеткізді.
Алматы-1 ст. ЖПБ