Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына байланысты тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақыға Halyk Homebank пен Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы өтініш беру үшін:
— мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөліміне кіріңіз;
— дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді растау қажет;
— «Баланың тууына жәрдемақыны» таңдаңыз;
— өтініш берілетін баланың деректерін таңдаңыз;
— барлық деректерді тексеріңіз де, ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойыңыз.
Клиент өтінімді жіберіп, оны мемлекеттік орган қарағаннан кейін клиентке PUSH хабарламасы жолданады, өтініштің қарау нәтижесі мен тағайындалған жәрдемақы көлемі туралы SMS жіберіледі. Көрсетілетін қызмет түріне өтінішті бала туғаннан бастап 1 жыл ішінде кез келген уақытта жолдай аласыз.
Өтінішті алдын-ала ХҚКО, электронды үкімет порталы арқылы немесе 1414 нөмірі арқылы SMS сервиспен беруге болды. Бұл қызмет жоғарыда аталған сервистер бойынша көрсетілетін ең танымал қызметтердің бірі болып табылады және тұрғындар арасында сұранысқа ие.