«Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалының ұжымы мен белсенділері Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне барып, Наурыз көже таратты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік, рухани тұрғыда қолдау көрсетіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау еді.
Өз кезегінде ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар мейрам қарсаңында ұмытпай, ізгі ниеттерімен құттықтап келген нұротандықтарға алғыстарын білдірді.
Өз тілшіміз.