Жақында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Ұйғыр ауданының халқымен кездесіп, ауданның атауына өзгерту жөнінде мәселеге пікір білдірді.
Облыс басшысының айтуынша, қазір нақты бір саяси шешім шығарылмаса да, алдын ала жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ол былтырғы жылдың желтоқсан айында тұрғындармен кездесуінде ақсақалдар осы мәселені қозғағанын, ауданның төл тарихи атауын анықтау үшін ғалымдардың да бұл іске қосылуын сұрағанын айтты.
«Соған байланысты Тіл және Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институттары жасаған сараптама тиісті мемлекеттік органға ұсынылғанын жеткізді. Әзірше нақты бір саяси шешім жасалған жоқ. Дегенмен қазір алдын ала жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.
Naqty.kz.