Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астанада өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін жариялап, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға, ел игілігіне әрдайым баса көңіл бөлетінін тағы да дәлелдеді.
Иә, Мемлекет басшысы, біздің «Нұр Отан» партиясының төрағасы өзінің осы бес бастамасы арқылы үлкен әлеуметтік міндеттерді шешуге кең жол ашты.
Осылайша қолжетімді арзан ипотека, жоғары білім саласында жыл сайын қосымша 20 мың грант бөлу, шағын несие берудің көлемін көбейту, елді газбен қамтамасыз етуді жақсарту, табысы төмен азаматтарға салынатын салықты азайту, студенттерге жатақхана салу сияқты мәселелерге байланысты тапсырмаларын беріп, бұл ретте атқарылар істерді нақты айтып берді. Ал, бұл бастамалардың қай-қайсысының да мән-маңызы зор. Егемен еліміздегі ең ықпалды саяси күш – «Нұр Отан» партиясы да бұл ауқымды істерге үлкен үлесін қосатын болады.
Жалпы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басты мақсаты – мемлекетімізді өркениет биігіне жеткізу, әлемдегі озық отыз елдің санатына енгізу екендігі белгілі.
Елбасының жариялаған осынау жаңа бастамаларына деген халықтың сенімі мен үміті өте жоғары. Ел табысын еселеуге, тұрмысты жақсартуға бағытталған жобалар тек алға қарай бастайды. Ол, шын мәнінде, халқымыздың заман ағымына сай лайықты өмір сүруіне үлкен мүмкіндік береді.
Ықылас АМАЛБЕК,
«Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.