Өткен аптаның бейсенбісінде аудандық әкімдіктің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Қуаныш Серікқанов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Төлеген Кенжебеков Әдеп жөніндегі кеңес жұмысы мен мемлекеттік қызметі туралы заңнамасын түсіндіру мақсатында өңірдегі мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті. Аталған тақырыпқа арналған жиыннан соң Қуаныш Қанатұлы аудан әкімдігінің кіші залында азаматтарды қабылдады.
Алдыңғы кезекте жос-парларған жиналысқа ауданға қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметшілері, еріктілер, жеке кәсіпкерлер және ауданымыздың жастары қатысты. Басқосуды төраға ретінде аудан әкімі аппаратының басшысы Ілияс Қалиев жүргізіп отырды. Оның барысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылауда туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары және аталған бағытты дамыту сұрақтары көтерілді. Қуаныш Қанатұлы мен Төлеген Жолмырзаұлы Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы мен ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңнамасы жайлы айтқан соң, мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді. Мәселен, Елтай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Айгүл Суанбекова: «Егер әңгіме барысында жергілікті атқарушы органның қызметкеріне дөрекілік танытып, жала жауып, дауыс көтеруге дейін алып келсе бұл жағдай мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тартуға негіз бола ала ма?»– деп біраз әріптестестерін алаңдапқан сұрақты төтесінен қойды. Өз кезегінде, облыстағы Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі ретінде келіп отырған Қуаныш Серікқанов әр жағдайдың жекелей қаралатынын және мемлекеттік қызметкердің қаншалықты деңгейде заң нормаларын бұзғандығы анықталатынын айтты. Ал, аудандық персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Әсел Жұмаханова болса, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазаларын қандай жағдайда мерзімінен бұрын алуға болатындығын сұрады. Оған, егер қызметкер теріс қылып жасамаса және бұл ретте өзін адал маман ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейін алып тасталуы мүмкін деген жауап берілді.
Жиналыстан кейін Қуаныш Қанатұлы азаматтар үшін жеке қабылдау өткізді. Алғашқы болып мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Жұлдыз Нысанбаева мемлекеттік қызметті көрсетіп жатқан кезде, қызмет алу ұялы телефонына сөйлесу процесін түсіре бастаса, осындай іс-қимылға тыйым салуға құқығы бар-жоқтығы алаңдатынын жеткізді. Оған бұл жағдайда қызметті алушының жазба құралдарын қолдануға құқығы барын, осы талаптардағы регламенттің жоқтығы айтылды. Келесі кезектегі аудандық заң және мемлекеттік-құқықтың бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Жолдасбеков жұмыстан тыс әлеуметтік желіде талқылауларға қаншалықты пікір білдіре алатындығын сұрады. Оған Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі: «Сізге әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынбаған. Бірақ, бұл ретте ақпаратты «қызметтік пайдалану үшін» санаттағы ақпаратты таратпауыз, хат алмасуларда тұрпайы лексиканы қолданбауларыңыз, мелекеттік және басқа да тілдерге, сондай-ақ, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауыңыз қажет», – деп ескертті. Ал, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Абзал Садирисламов мемлекеттік қызметшіге беруге болатын сыйлықтардың мөлшерін қандай болатынын сұрады. Бұл сұраққа «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңының 50-бабының мазмұнына сүйене отырып мереке және туған күндеріне, сондай-ақ, түріне, санына, құнына және өзге сипаттамаларына қарамастан сыйлық берілуге тыйым салатындығы жайлы шегелеп айтылды. Келесі сұрақтар легі әлеуметтік мәселелерге қатысты болды. Мәселен, Қаскелең қаласындағы Т. Бокин көшесінің тұрғыны Ғалия Алинова өзінің тұратын жері жарықтандырылмағынын алға тартты. Бұл мәселе 2022 жылдың І жартыжылдығында аталған көшеге қаржы бөлетіндігі, түнгі жарық бағаналары орнату жоспарда бар екені жөнінде нақты ақпарат берілді. Ал, 24 кварталдың тұрғыны Айя Кожекеева өз көшесінде көктем, күз мезгілдерінде балшықтан жүре алмйтынын, сондықтан автокөлік тас жолын жөндесе деген өтінішін білдірді. Бұл мәселеде оңтайлы шешімін табатын болды. Нақтырақ айтқанда, ағымдағы жылдың наурыз айында Қаскелең қаласы әкімдігі бюджеті есебінен құм, тас төселіп, тегістелетін болды. Қабылдаудан соң, Қуаныш Қанатұлы мен Төлеген Жолмырзаұлы жақында ғана қолданысқа берілген Қаскелең қаласының әкімдігінің ғимаратын барып көрді. Сервистік ретінде қайта бой көтерген әкімдіктің ішін қала әкімі Асқар Мұқашев таныстырып, жалпы, аудан орталығының жай-күйі жайлы бірқатар ақпарат берді. Осылайша, облыстан келген меймандардың аудандағы жұмыс сапары осымен аяқталды.
Бұрым ОРЫНБАСАР.