Шамалған ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен осы аптада ел Тәуелсіз-дігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік жырлары» атты жасөспірімдер арасында жыр мүшайрасы өткізілді.
Әдеби байқауға 10-14 жастағы оқушылар қатысып, олардың шығармалары екі кезең бойынша сарапқа салынды. Жас ақындар алдымен «Тәуелсідікке арнауын» оқыса, одан кейін «Еркін тақырыпта» шығармаларын ұсынды.
Ал, жасөспірімдердің өнерлерін Қарасай аудандық Мәдениет үйінің әдіскері, «Жастар» театрының әртісі Жанар Берік, Шамалған ауылдық кітапханасының меңгерушісі Айман Үмбеталиева, Шамалған ауылдық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, әнші Жадыра Есжанова сынды қазылар бағалады.
Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдеге М.Әуезов орта мектебінің оқушысы Айша Басимова лайық деп танылды. Жүлделі ІІ орынды Сара Бүркітбаева иеленсе, І орынды Арнұр Акрам алды. Ал, үздік үштіктерден Ақерке Маханбет пен Жансая Мадиқанова көрінді.
Жүлдегерлердің барлығын Шамалған ауылдық Мәдениет үйінің директоры Шәрбану Қалиева арнайы сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар, бұл байқауда басқа да қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар табыс етілді.
Өз тілшіміз.