Ауыл басшысын халықтың тікелей сайлауы – саяси жүйедегі құптарлық қадам. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманың елдің өркендеуі үшін оңтайлы шешім екенін өзінің Жолдауында нақты түсіндірген де болатын.
Біздің қоғам қашанда ашықтық пен әділдікті талап ететіні белгілі. Осы орайда, жергілікті тұрғындардың ауыл әкімін өздері таңдауға үлес қосуы маңызды қадам дер едім. Мемлекеттік қызметтің саласында мұндай байыпты бастамалар ауданымыздың дамуына үлкен септігін тигізеді деп есептеймін.
Сондықтан әр істе жұмылған жұдырықтай белсенділік танытып, елдің болашағы үшін маңызды қадамдарды бірге жасайық!
Атлана ИСАЕВА,
Қарасай аудандық мәслихаттың депутаты.