Қаскелең қаласында, Қарасай аудандық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комитет пен спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында Елдорда күніне орай футболдан жарыс өтті.
Аталмыш іс-шараға аудан мектептерінің және пробация қызметінің есебінде тұрған жасөспірімдер қатысты. Қарасай ауданы әкімі аппаратының бас маманы Айжан Ізбасардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану.
Жарысқа аудан бойынша 8 команда қатысты. Қызықты және тартысты өткен ойынның нәтижесі бойынша ІІІ орынға «ДЮСШ 1» командасы ие болса, жүлделі ІІ орын «Береке 1» футболшыларына бұйырды. Ал, «Белинский 1» командасы турнирдің чемпионы атанды. Жарыстың соңында Қарасай ауданы әкімі аппаратының бас маманы Айжан Ізбасар жеңімпаздарды марапаттап, іс-шараны тәмамдады.
Жасөспірімдердің өміріндегі ең жауапты және қиын кезеңінде бос уақытты тиімді өткізуі өте маңызды. Бойындағы бар қуатты пайдалы салаға жұмсау тұлғалықтың дамуына жақсы әсерін тигізеді.
Салима БАҒАШАР.