Қарасай ауданының жаңалығын жалпақ жұртқа жария етіп, бұқара мен биліктің арасында дәнекер болып жүрген БАҚ өкілдерін аудан әкімі Жандарбек Далабаев 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде арнайы марапаттады.
Санитарлық талапқа сай өткен жиын барысында Жандарбек Ермекұлы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, соның барлығы журналистердің ерен еңбектерінің арқасында насихатталып жатқанын айтты. Ауданның әлеуетін арттыратын алда әлі де талай ілгері істер бар екеніне түсіндіріп, аудан басшысы мерекеге байланысты шақырылған журналистер қауымын құттықтады. Атап айтқанда, облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері мен «Жетісу», «СТВ» телеарналарының, аудандық «Заман жаршысы» газетінің және Kaskelenkz сияқты редакция ұжымы құрметке бөленді.
Сонымен қатар, аудан әкімі Жандарбек Далабаев БАҚ өкілдерінің бірқатарына Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Р.Есдәулетовтың және өз атынан Алғыс хаттарды табыс етіп, ізгі тілегін білдірді.
Жиын соңында Қарасай аудандық «Заман жаршысы» газетінің тілшісі, ардагер журналист Берікбай Қадықов аудан әкіміне деген шынайы ризашылығын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, барша әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Өз тілшіміз.