Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің республикалық «Уақыт Таңдауы – Выбор Времени» агенттігімен бірлескен жобасы бойынша, Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында дәстүрлі жыл таңдаулылары айқындалған болатын. Он жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бұл сараптаманың биылғы нәтижесінде біздің Қарасай ауданының әкімі Махаббат Садуақасұлы Бигелдиев «Жылдың үздік аудан әкімі» болып табылды. Бұл таңдау республикалық басылымға жарияланған мақалалардағы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, елді мекендерде қолға алынып жатқан игі шаралар туралы мәліметтерді саралау арқылы жасалған.