Биыл 28 ақпанда халқымыздың ұлы перзенті, суырып салма өнердің хас шебері атанған жыр алыбы – Жамбылдың туғанына 175 жыл толады.
Жай ғана Жетісу өңірінің емес, күллі қазақтың атын мәшһүр етіп, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырған жыр дүлдүлінің терең тарихқа, нәзік сезімге толы парасатты поэзиясы қазақ әдебиетінде мәңгілік мұра болып сақталатыны анық.
Ақын, жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында еліміз бойынша түрлі іс-шаралар жыл басынан бері аталып өтілуде. Алдағы уақытта да ақынды ұлықтап, жыр-дастандарын насихаттауға қатысты шығармашылық жұмыстар жүзеге асырылатыны сөзсіз.
Осындай әдеби бастамалардың реті біздің ауданда да атқарылу жағы қолға алынды. Мәселен, кеше «Жамбыл жырларын жатқа айтайық!» атты челлендж бастау алып, өлең сүйер қауым ақынның өлеңдерін жатқа айтуда.
Қарасай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметіне сүйенсек, ақпан айының соңына дейін бірқатар әдеби іс-шаралардың жұмыс жоспары бектілді. Оларға қатысты ақпарат кестеде көрсетілген.
Тағы бір айта кетерлігі, ақынның мол мұрасын дәріптеуге қатысты жұмыстар жыл соңына дейін жалғасатын болады.
Өз тілшіміз.