Ескелді ауданының орталығы, Қарабұлақ ауылында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлі жалгерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады, деп хабарлайды Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
60 пәтерлі үйді салуға және инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысының объектілеріне жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өтті. Қазіргі уақытта мердігер «Global Contraction» ЖШС-мен келісім шарт жасалуда, барлық рәсімдер аяқталғаннан сон құрлыс жұмыстары басталады. Жобаның сметалық жалпы құны 648.0 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде – 406.0 млн теңге республикалық бюджеттен тұрғын үйдің құрлысына бөлінді.
Барлық құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айны дейін бітіру жоспарланып отыр. Аяқталған соң 60 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.