Азаматтардың табиғатты қорғауға міндетті болуы – қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті арттырады. Енді әрбір адам табиғатты сақтауға, табиғи байлыққа қамқорлықпен қарауға міндетті екенін түсінеді. Бұл өзгеріс тек жеке адамдардың емес, бүкіл қоғамның қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану мен қалпына келтіру іс-шараларын ынталандырады. Сонымен қатар, бұл тұрақты дамуға бағытталған мемлекеттік саясатты қолдайды және ұрпаққа таза табиғат қалдыруға жауапкершілікті нақты көрсетеді. Мұндай норма қоғамның экологиялық мәдениетін нығайтып, азаматтардың өз әрекеттерінің қоршаған ортаға әсерін саналы түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Нағи Иманбаев,
Жібек жолы ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
