Бүгін «Таза Qazaqstan» республикалық экологиялық акциясы аясында «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының ұйымдастыруым тазалық іс-шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. 🌿
Акцияға 50-ге жуық студент пен оқушылар белсенді түрде қатысып, өздерінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін нақты іспен көрсетті. Олар Үшқоңыр тауының шатқалында тазалық жұмыстарын жүргізіп, бір күннің ішінде 8 тоннаға жуық қалдықты шығарды. ♻️
Бұл іс-шара барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, тұрғындарға үлгі болып, табиғатты аялаудың маңыздылығын насихаттады.
Осындай бастамалар арқылы біз болашақ ұрпаққа таза, жасыл әрі гүлденген Қазақстанды қалдыруға атсалысамыз. Әр адамның кішкентай қадамы — үлкен өзгеріске бастайтын күш. 🇰🇿✨
Таза ел — жарқын болашақ! Табиғатты аялау — баршамыздың ортақ борышымыз! 🌱
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
