Татулықты арттырып, береке-бірлікті бекем ететін қазақ халқы үшін әз Наурыз мейрамының орны ерекше. Ұлыстың ұлы күнін тек арнайы белгіленген жерде емес, қай жерде тойласа да жарасымды. Тіпті, ауыл-ауыл болып, көше бойында атап өтсе де айтулы күннің маңыздылығы арта түсері анық. Дәл осы үрдісті Қаскелең қаласындағы 218 кварталының тұрғындары мақсат тұтып, өткен аптаның сенбісі, яғни Ораза …
Абай ауылында орналасқан «Ерекшем» оңалту орталығына биыл бір жыл толып отыр. Осыған орай мекеме басшылығы ұлыстың ұлы күнін ұлықтап, Наурыз мейрамын атап өтті. Райымбек ауылдық округі қарасты Абай ауылында орналасқан қарасайлық мүгедектігі бар балаларға арналған «Ерекшем» оңалту орталығы – өмірдің қиын жағдайына тап болған ерекше жандардың басын қосатын, оларды жаңа өмірге бейімдейтін, қалыпты өмір дағдыларына …
Каскеленка Татьяна Фисенко сумела гармонично сочетать в своей жизни профессию бухгалтера и необычное хобби по изготовлению кукол из пластика. За семь лет с начала этого творческого процесса плодами её рук стали 50 различных колоритных образов. Некоторые из них проданы или подарены. Есть также работы, которые находятся в частных коллекциях или музеях, в том числе в …
Бүгінде ата-бабаларымыздан қалған тарихи-мәдени мұралардың түрлері сан алуан. Олардың қай-қайсына қарасақ та адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталғанын байқауға болады. Осындай аса құнды мәдени мұраның бірі – ұлт ойындары. Себебі бағзы замандағы қазақ халқы ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай, олардың көзқарастарын, мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған. Қазіргі …
Аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге жауапты «ОРСЕП ДОР СТРОЙ» компаниясы Қаскелең қаласындағы орталық көшелердің жолдарындағы шұңқырларды жөндеу жұмыстарына кірісті. Осы аптада В.Белинский атындағы орта мектептің жанындағы Аймауытов көшесін ретке келтіру басталды. Арнайы техниканың және жұмысшылардың көмегімен жолдың бетіндегі шұңқырлар тазартылып, оның беті жаңа асфальтпен тегістелді. Мұндай ойықтарды жөндеу басқа да көшелерде жүзеге асырылады. Қарасай ауданының …
3000-ға жуық халқы бар, ұлт пен ұлыстың бірлігі жарасқан Ұмтыл ауылдық округіндегі ерекше ғимараттардың бірі – Мерей ауылындағы Мәдениет үйі. 40 жылдан астам тарихы бар өнер ордасында былтыр күрделі жөндеу басталып, биыл көктемнің алғашқы айында қолданысқа берілді. Бұл ғимарат Қарасай жеріндегі аудандық Мәдениет үйінен кейінгі округтер арасындағы әзірге ең үлкен әрі ең көп көрермен сиятын …
Бүгінде Қарасай ауданы Алматы облысындағы халқы тығыз орналасқан ең ірі аудандардың бірі болып табылады. Жыл өткен сайын тұрғындар саны тек өсуде. Бұған сәйкес ауданда жаңа құрылыстар, саяжайлық бірлестіктер мен бау-бақша серіктестіктерінің саны да артуда. Алайда саяжайлар о бастан үй ретінде тұруға емес, маусымдық жұмыстарға арналған жер болғандықтан, бүгінде оны баспана ретінде қолданып отырғандар біраз мәселелер …
Ұрпақтың ұлы істермен айналысуы жеткіншек шақтағы қағидалардан басталады. Білім алған баланың бос уақытын тиімді пайдалануы аса маңызды. Елімізде сол үшінде қосымша білім беру ұйымдары құрылған. Мақсат – баланың шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін шыңдау, қоғам өміріне бейімдеу, азаматтық сананы, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Алматы облысында 31 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы бар. Онда 30 …
Уылдырық шашу мерзімі басталғандықтан, су маржандарын аулауға тыйым салынады.Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Маратұлы мәлімдеді. Климаттық өзгерістерге байланысты су айдындарындағы балық аулау мерзімі әр түрлі. Атап айтар болсақ: 1) Шарын өзенінің сағасынан Іле өзенінің жоғарғы ағысы — 25 наурыздан 5 шілдеге дейін; 2) Қапшағай …
Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі егіс жұмыстарына белсенді түрде кірісті. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 12,9 мың гектарға ұлғайтылып 436,8 мың гектарға жеткізу жоспарда бар. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Олжас Молдатаев айтты. Өнім мол болсын десек, шаруаларға қолдау көрсету керек-ақ. Өңірде тұқыммен айналысатын 29 субъекті бар. …