Бұдан бес жыл бұрын аудан орталығында 1200 орынға арналған мектеп пайдалануға берілген еді. 60 оқу кабинеті, 47 интерактивті тақта, екі кітапхана, 230 орындық асханасы бар білім ғимараты заманауи үлгімен салынған, бөлмелері кең де жарық. «Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі» атты білім ұясында жуырда тәжірибе алмасу алаңы өтті. Аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Салтанат Әденованың жетекшілігімен аудандағы мектеп …
Қарашаның 5-і, жексенбі күні елімізде қанатқақты жоба бойынша бірнеше аудан әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлау жүйесін жетілдіру мақсатындағы саяси науқан Қазақстанның 45 ауданын қамтыды. Пилоттық жобаны іске асыруға Алматы облысында екі аудан –Балқаш және Жамбыл аудандары таңдалған болатын. Әкім сайлауы өткізілген сол 45 ауданның, нақтылай кетсек 42 аудан мен 3 қаланың ішінде сайлаушысының саны ең көбі …
Қарашаның 5-інде облыстағы әкім сайлауы өткен екі ауданның бірі – Жамбыл ауданы. Алматы іргесіндегі үлкен ауданның әкімі болуға үш үміткер тіркелген еді. Олар – Базарбаев Жанғали Мұратбекұлы, Ертас Нұрлан Ертасұлы және Шортанбаев Ғани Мұқанұлы. Бұл кандидаттар алдын ала өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялап, саяси шарада жеңіп шығу үшін сайлау заңнамасына сай тиісті жұмыстар жүргізген болатын. Жамбыл …
Ғасырға жуық ғұмыры бар ауданның әрбір өркендеу мен өрлеуі жолында қаншама азамат маңдай терін төкті. Кешегі Кеңестік кезеңнен бастап, егеменді ел атанған бүгінге дейін қажырлы қызмет еткен алдыңғы аға буынның еңбегі ұшан-теңіз. Өмірінің отыз жылға жуық уақытын мемлекеттік қызметке арнаған Клавдия Хегай да солардың бірі. Әріптестері мен жақындарының арасында әрқашан өз ісіне адал, еңбекқор, жарқын …
Со 2 по 7 ноября текущего года в селе Шамалган, в спорткомплексе «USHQONYR», проходил второй юношеский республиканский турнир по боксу «USHQONYR CUP» среди юношей 2010-2011 годов рождения. В нем приняли участие 10 команд, в состав которых вошли 256 юных спортсменов, приехавших из разных уголков Казахстана. В частности, кроме боксеров от Алматинской области, были представлены команды …
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде 2024-2027 жылдар аралығында Қарасай ауданындағы 13 елді мекеннің тұрғындары сымды және сымсыз интернетке тегін қосыла алады. Осы және өзге ғаламтор желісі мен байланыс бойынша мәселелер аудандық әкімдікте өткен жиында талқыланды. Аталған жоба аясында толық ақпарат беру үшін Алматы облысы технологиялар басқармасының байланыс және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бөлімінің басшысы Айгүл Бекетова …
Қыстың ызғары сезіліп, жер бетіне алғашқы қар түскенде жолдардың уақтылы тазалануы басты назарда болуы тиіс. Кезек күттірмейтін бұл шаруа аудан әкімінің де үнемі бақылауында. Белгілі болғандай биылғы қар тазалау жұмыстарына «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС жауапты екенін білдік. Бұл туралы Қарасай аудандық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің басшысы Ерік Самұратов айтып, бұл компания көктемге дейін …
Күні кеше аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында Қарасай аудандық мәслихаттың кезектен тыс XIX сессиясы өтті. Оған аудандық мәслихат депутаттарынан бөлек Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов, қала және округтердің әкімдері, сондай-ақ сессияда қаралатын мәселелерге қатысты бірқатар мекеме мен бөлім басшылары қатысты. Сессияның күн тәртібінде 8 мәселенің қаралатыны белгілі болды. Бұл жайында Қарасай аудандық мәслихаттың төрағасы Бауыржан …
Шамалған ауылында орналасқан Үшқоңыр ауылдық ауруханасы келесі жылдан бастап аудандық аурухана ретінде халыққа қызмет көрсететін болады. Бұл туралы ақпаратты аудан әкімі Жасұлан Естенов осы аптада жергілікті халықпен өткен жиын барысында жеткізді. Аудан басшысының айтуынша, бұл ұсынысты тұрғындар осыған дейін есептік кездесулерде айтқан. Бұқара халықтың бұл өтініштері ескеріліп, Алматы облыстық денсаулық басқармасына жолданған. Нәтижесінде аталмыш басқарма …
В селе Жибек жолы одноименного сельского округа ведется реализация социально значимого проекта «Реконструкция автодороги «Обход станции Шамалган» км 43-49». Ввод данного участка в эксплуатацию поможет существенно разгрузить действующую трассу и решить проблему многочасовых автомобильных пробок в часы пик, особенно на железнодорожном переезде. Со слов заместителя руководителя Алматинского областного филиала АО НК «ҚазАвтоЖол» Нуржана Танатарова, толчком …