Біз сөз еткелі отырған, шәкірттерін білімге баулыған аяулы ұстаз Әлия Халелқызы – Кеген ауданы Бөлексаз ауылының перзенті. Туған жерін тұғыр еткен қарлығаш. Әдемі тау етегіне орналасқан шағын ауылда туып-өскен. Тұлымы желбіреп мектебіне қарай асыға аяңдайтын кішкентай қыз шаңырағының аялаған гүлі, шуақ шашқан күніне айналды. Ұстаздарының айтқанын санасына сіңіріп, берген тапсырмаларын тап-тұйнақтай етіп орындап отыратын сүйкімді …
Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Қазақтың дүниетанымында «ауыл» ұғымының берік орын алғаны да сондықтан. Сол ауылдың ажарлана түсуі мал мен егін шаруашылығының кеңінен өріс алуына да тікелей байланысты. Тау құшағында өмір сүріп жатқан жандардың тірлігіне тыныс беретін – төрт түлік мал. Атамыз қазақтың ықылым заманнан келе жатқан ата кәсібі де мал бағу. Ұрпақтан ұрпаққа мирас …
Жалпы кім болса да, қай облыста тұрса, сол өңірдің төл газетін оқуы керек деп есептеймін. Себебі айналамызда не болып жатқандығынан жан-жақты хабардар болып отыру – бүгінгі күннің талабы. Бұл орайда облыстық басылымның алар орны ерекше екені анық. Газет бетін ақтарып жіберсеңіз, сан-саладағы жаңалықтарға қанығасыз. Онда барлық дерлік сала қамтылады. Облыс экономикасының даму барысынан бастап, қоғамдық …
Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев әдеби-мемориалды музейінде «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында ұлтаралық қатынасқа арналған жиын болды. Аудандық «Қоғамдық келісім» мекемесінің бастамасымен, Шолаққарғалы ауылдық округі мен аталған музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен шарада түрлі ұлт өкілдерінің жарасымды тірлігі паш етілді. Кездесуді жүргізу тізгінін қолына алған қоғамдық келісім ұйымының жетекшісі Айман Кенженбаева қазіргі таңда Қазақстандағы ұлттар татулығына барынша көңіл бөлінгені …
Қысы-жазы тыным таппайтын осы бір еңбекқор жанды Ұзынағаштың көшесінен жиі көреміз. Ол – аудандық поштаның тәжірибелі қызметкері Ольга Ділдебаева. Талай жылдан бері үйді-үйге газет-журнал жеткізетін хат-хабар тасушыны ауылдастары «Пошташы Оля» атап кеткен. «Осы салада 1988 жылдан бері еңбек етіп келемін. Газет-журнал таратудың қиыншылығы аз емес. Әртүрлі жағдай кездесіп жатады. Иттен де, адамнан да қорқатын жайттар …
Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылдық округіне қарасты Жаңақұрылыс елді мекенінің тұрғыны Дастан Есенғазиевті бірер ай бұрын тауда жолықтырған едік. Жайлауға жасаған сапарымызда қарсы бағытта екі дөңгелекті көлігімен келе жатқан азамат жанымыздан өтіп кетпей, тоқтап, танымаса да ізет сақтап сәлем берді. Дастан бірнеше жылдан бері атакәсіппен айналысады екен. «Дулат» атты қожалығын құрып, шаруасын дөңгелетіп отырған іскер жан …
Осы аптаның алғашқы күнінде елімізде алғаш рет ауылдық мектептердегі 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада болды. Оған Қазақстаннан 85401, оның ішінде Алматы облысынан 8684 оқушы қатысты. Білімділердің байқауы біздің ауданда да өткенін айта кету керек. Аталған іс-шараға «2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу …
В рамках рабочей поездки в наш район аким Алматинской области Марат Султангазиев посетил ряд промышленных и образовательных объектов, ознакомился с ходом работ по благоустройству Каскелена, а также провел встречи с акимами округов и представителями бизнеса, с интеллигенцией и жителями района. В поездке его сопровождали аким района Жасулан Естенов, руководители ряда областных и районных структур. Первым …
В Алматинской области впервые прошел Форум, посвященный антикоррупционному волонтерству и комплаенс-институту. В ходе Форума были обсуждены лучшие практики данных служб. В мероприятии приняли участие более 250 человек, в том числе депутаты областного маслихата, члены общественных Советов, руководители организаций квазигосударственного сектора и комплаенс-офицеры. Форум открыли руководитель Антикоррупционной службы по Алматинской области Серик Орымбетов и временно исполняющий …
Алматы облысында алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік пен комплаенс институтына арналған Форум өтті. Форум барысында аталған қызметтердің үздік тәжірибелері талқыланды. Іс-шараға 250-ден астам адам, оның ішінде облыстық маслихат депутаттары, қоғамдық Кеңес мүшелері, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары мен комплаенс қызметкерлері қатысты. Форумды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серік Орымбетов және Алматы …