Осы аптада Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, егемен еліміздің алдағы даму жолдарын, кезек күттірмес міндеттерін белгіледі. Бірден атап айтуымыз қажет, бұл айрықша мән-маңызы бар, халық көптен күткен Жолдау болды. Мұнда, әсіресе, саяси реформаларға көп көңіл бөлінді. Сонымен, бұдан былай республикамыз супер Президенттік жүйеден Парламенттік жүйеге көшеді. Яғни, Мемлекет басшысының өзі айтқандай, енді бізде …
Қаймағы бұзылмаған қазақ халқы әркезде ұлттық құндылықтарын жоғары қойып, ата-бабасының қалдырған салтын сақтап, әдет-ғұрпын аттамай, дәстүрге ден қоя білген. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» көрсеткен дана халқымыз сыйластықты әрдайым бірінші орынға қойған. Сәлем салу да осының нақ дәлелі. Ертеден келе жатқан сәлемдесудің түрі көп, әрі оның өз үлгісі мен ерекшеліктері бар. Соның бірі – …
Қазақта «Қартың болса ауылда, жазып қойған хатпен тең» деген сөз бар. Бұл өте орынды айтылған, себебі артта қалған күндердің белесін осы қарияларымыздан білеміз. Олар өткен шақ пен болашақты жалғастырып тұрған «алтын көпіріміз» іспетті. Осыны ескерген ауданымызға қарасты Шамалған ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері жыл басы мейрамы – Наурыз мерекесін «Әкежан» қарттар үйінің қарияларына құрмет көрсетуден бастауды …
Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашанда құрметке лайық. Халқымызды өзгелерден дара ететін бір ерекшелік те осы. Қарияларды құрметтеу, олардың сөзіне құлақ асу – бабадан балаға сіңген қасиет. Осы орайда жылына бір рет келетін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында ауданымыздың Жастар ресурстық орталығының белсенділері орталықтағы «Нұр Отау» қарттар …
Жайма шуақ көктемнің алғашқы айы Наурызда қазақ халқы бірқатар ырыс пен береке алып келетін атаулы мейрамдарды тойлайды. Сондай мерекенің бірі – қазақ халқының көнеден Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының мерейлі бастауы ретінде тойлап келе жатқан – Көрісу күні. Бұл күнде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Адамдар өзара бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық …
Кеше Ұмтыл ауылдық округінде өткен аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың кезекті есептік кездесуінде тұрғындар кәріз жүйесі мен су құбырларының ескіргендігін жарыса айтып, ауыз судың тапшылығын жеткізді. Жалпақсай ауылының тұрғыны Марат Қасымханов ауылдастарының атынан бірқатар мәселелерді көтерді. Олардың арасында маңыздылығы жоғары болып тұрған кәріс жүйесі құбырларының ескіргендігі мен ауыз судың жоқшылығы. Сан жылдар күн тәртібінен түспей, көпті …
Аудан әкімі Жандарбек Далабаев Әйтей ауылдық округінде осы аптаның сәрсенбісінде есептік жиын өткізіп, бірқатар шешім бар тапқан мәселелерді айтты. Әйтейде Мәдениет үйі салынады Мәдениет ошағының жоқтығы туралы ауылдастар талай рет өтініштерін білдірген болатын. Ауыл тұрғындарының сұранысы ескерусіз қалмай, оңтайлы шешімін тапты. Қазіргі таңда Әйтей ауылындағы 200 орындық Мәдениет үйінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Өнер ордасының …
Жандосов ауылындағы сан жылдар күн тізбегінде келе жатқан мәселесі шешілетін болды. Осы жайлы аудан әкімі Жандарбек Далабаев Жандосов ауылдық округінің тұрғындарымен өткен аптаның бейсенбісіндегі есеп беру жиналысында айтты. Шалқар ауылында амбулатория салынады Шалқар ауылындағы тұрғындарын мазалап жүрген дәрігерлік амбулаторияның жоқтығы өткен аптаның сәрсенбісінде округте өткен аудан әкімінің есептік жиынында мәлім болды. Кездесуге келген Шалқар ауылының …
Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, әлі күнге дейін шешімі табылмаған бірқатар мәселеге құлақ асты. Халық та өз тарапынан наразылығын білдіріп, төрт ауылдың бүгінгі жағдайын түсіндірді. Әлеуметтік нысандардың жолы жөнделіп, жарығы орнатылады Жамбылдықтар ішкі көше жөнделмесе де, мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік нысандардың айналасы жақсарса деген тілегін білдірді. Анығын айтқанда, Батан ауылының …
Бір апта бұрын Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев Бірінші Май ауылдық округінің халқымен кездесіп, аудан бойынша атқарылған жұмыстарға есеп берді. Ескі Мәдениет үйі жөнделеді ме, әлде мектепке айналады ма? Жиын барысында аталмыш ауылдық округтің ақсақалдар алқасының төрағасы Бақытжан Әлменбетов бірнеше мәселені көтеріп, соның ішінде іргетасы 1986 жылы қаланған Мәдениет үйіне де тоқталды. Ақсақалдың өтінішіне құлақ …